Ұлттың денсаулығы

Талдықорғанда жасөспірімдер арасында велоспорттан чемпионат басталды

Талдықорғанда жасөспірімдер арасында тас жолдағы велоспорттан республика Чемпионаты басталды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы22 Тамыз , 19:02

Турнирге республика бойынша 13 команда қатысады. Команда құрамына 1998 - 2000 жылы туған 127 жас спортшылар қатыспақ.

Бұл жарыс республикамыздағы велоспорттың 100 жылдығына арналып отыр. Оның ашылу салтанатына қатысқан Алматы облысы әкімінің орынбасары, «Жетісу» велоспорт федерациясының президенті Серік Тұрдалиев турнирдің велоспортта жаңа есімдерді анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтіп, қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.

Жарыстың бас төрешісі және олимпиадаға дайындау орталығының директоры Дәулет Сапажанов пен ҚР – ның велоспорттың мемлекеттік төрешісі Олег Тұсымханов жарыстың құрметті қонақтары болды.

 




Яндекс.Метрика