2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

Жыл соңына дейін БЖК бойынша 400 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады

Жыл соңына дейін БЖК аясында 400 мыңнан астам бастауыш мамандарды жұмыспен қамту жоспарланған . Бұл туралы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында уақытша жұмыспен қамту бөлімінің маманы Жандос Мурзинов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 16:33

«Жастардың іс-тәжірибесі алғашқы тәжірибе жинауға бағытталған, бұл дегеніңіз егер маман оқу орнын жаңа ғана бітірген болса, онда ол адамның ешқандай да еңбек өтілі жоқ. Тиісінше ондай тәжірибесі адамдардың жұмысқа орналасуы да қиын. Аталмыш бастаманың артықшылығы, бастауыш мамандарға тәжірибе үйретуде. Қазіргі таңда жастардың іс-тәжірибесінен 260 адам өтіп жатыр. Бұл 2014 жылдың ақпанынан бергі көрсеткіш, жыл соңына дейін мұны 400-ге дейін жеткіземіз», - дейді ол.

Айта кету керек, жастардың іс-тәжірибесі – ЖОО мен колледж түлекетерінің белгілі бір деңгейде тәжірибе жинау мүмкіндігі. Сонымен қатар, алдағы уақытта еңбек өтілін қалыптастырып, ары қарай өсе түсуге жолдың ашылуы. Сондай-ақ, мұнда мемлекет тарапынан қаржылық қолдау да көрсетіледі.

«Жастар үшін біздің есігіміз әрқашан да ашық. Біз кез келген уақытта қолдау көрсетуге әзірміз. Бастысы маманның еңбек  етуге деген ынтасының болуы», - дейді Ж.Мурзинов.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика