Өңірлер

ШҚО-да өтетін марал өсірушілердің VI дүниежүзілік конгресіне 40 шетелдік сарапшы келмек

Шығыс Қазақстан облысында өтетін марал өсірушілердің VI дүниежүзілік конгресіне шет мемлекеттен 40-қа жауық сарапшы келеді деп күтілуде. Бұл туралы ОКҚ Өскеменде өткен көшпелі отырысында Қазақстан марал өсірушілер қауымдастығының төрағасы, «Қазақстан омарташы» ғылыми өндірістік жүйесінің мүшесі Нұрлан Тоқтаров хабарлады.
Шығыс Қазақстан22 Тамыз , 15:56

«Дүниежүзі марал өсірушілерінің VI конгресі біздің облыста тектен-текке өткізлгелі отырған жоқ. Бір кезде маралмен әйгілі болған аймақта бүгін марал басы екі есеге жуық кеміп, 9583 басқа түсіп отыр. Жануарларға дұрыс жағдай жасалмай отыруынын күйі кетіп, өнімдерін өңдеу, өткізу жағы оңды шешімін таппай келеді, - деді өз сөзінде Нұрлан Тоқтаров.

Конгресс барысында осы саланы дамыту үшін өзге ел өкілдерімен тәжірибе алмасып, марал шаруашылығының тығырықтан шығуына жағдай жасау бірден-бір мақсат болып қойылып отыр. Бізде өтетін шараға Қытай, Жаңа Зеландия, Корея, Австрия, Швеция сынды елдерінің марал шаруашылығы саласында еңбек еткен, тәжірибелі өкілдері жиналады деп күтілуде.

Жалпы, конгрес төрт жылда бір рет өткізіледі. Бүгінгі таңда ауқымды шараға қатысуға түрлі елдерден 37 маманнан өтініш келіп түсті.

Айта кетерлк жайт, ШҚО-да марал өсіру облыстық бюджет есебінен 2010 жылдан бастап субсидияланып келеді. Бүгінгі таңда субсидия сомасы 140,7 млн теңгеге жетті.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика