Өңірлер

ШҚО-ның Абай ауданында ауыл клубы ашылды

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Саржал ауылында өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ауыл клубының салтанатты ашылуы өтті.
Шығыс Қазақстан22 Тамыз , 19:47

ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, таяуда ғана мұнда сауда үйі болған екен, енді ғимарат «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мемлекет меншігіне өткен.

«Абай ауданы қала құрылысы, архитектура және құрылыс бөлімі» ММ тапсырысымен Семей қаласының «Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымы тарапынан ғимарат ауыл клубына лайықталып жөндеуден өтті. Оған облыстық бюджеттен 174 млн теңге бөлінді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ауылда 300 орындық жаңа мектептің құрылысы да жүріп жатыр. Қолданыстағы қазіргі оқу ордасы 1971 жылы ашылған, 500 кісіге арналып салынған. Соңғы жылдары ауылдағы туу көрсеткіші күрт өсіп, халықтың әлеуметтік деңгейінің өсуі себепті саны да артуда.




Яндекс.Метрика