Өңірлер

Атбасарда су тасқынынан кейін мектепті қалпына келтіруге 134,9 млн теңге жұмсалды- әкімдік

Атбасар қаласында су тасқынынан қирап қалған №1 орта мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды.
Ақмола22 Тамыз , 16:52

Ақмола облысы әкімдігінен хабарлағандай, пайдалануға берілген №1 мектеп су басқаннан кейін күрделі жөндеуді қажет етті.

Бүгінгі таңда мектеп толығымен дайын, жобаны жүзеге асыру үшін 134, 9 млн теңге жұмсалды.

Білім ордасының ашылу салтанатына ҚР ІІМ вице-министрі Владимир Божко мен аймақ басшысы Сергей Кулагин қатысты. Нысан табиғи апаттан туындаған төтенше жағдайды жою жоспары аясында пайдалануға берілді.




Яндекс.Метрика