Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ұлттық экономика министрлігінде комитет басшылары тағайындалды

Мемлекеттік басқару жүйесінің реформасының нәтижесінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрамына бес Комитет кірді.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 15:08

Ведомствода хабарлағандай, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымына бұдан бұрын Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Қосман Айтмұхаметов тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика бойынша комитетінің төрағасы лауазымына бұдан бұрын Статистика агенттігінің төрағасы қызметін атқарған Әлихан Смайылов тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы лауазымын бұдан бұрын Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Серік Жұманғаринді тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы лауазымына бұдан бұрын Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Әлиақпар Матишев тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы лауазымына бұдан бұрын ҚР ТЖМ мемлекеттік материалдық резерв Комитетінің төрағасы қызметін атқарған Асқар Әнетұлы Сәду тағайындалды.                                    

 

 




Яндекс.Метрика