Ұлттың денсаулығы

ШҚО-да 13-14 қыркүйекте «Тур де Өскемен» веложарысы өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 13-14 қыркүйекте «Тур де Өскемен» веложарысы өтеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-нің Өскемен қаласындағы көшпелі брифингінде ШҚО Азаматтық альянсының төрағасы, ШҚО Талдау және болжау институтының директоры Олег Чернышев мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан22 Тамыз , 14:53

Аталмыш жарыстың мақсаты велоспортты халық арасында кеңінен насихаттау, спорттық шеберлікті арттыру, ұлтаралық спорттық достастық байланысты нығайту мен талантты спортшыларды анықтау», - дейді О.Чернышев.

Оның айтуынша, шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь пен Монғолияның және өзге де елдердің спортшылары қатыспақ.

«Тур де Өскемен» екі күндік веложарысы Риддер қаласынан Өскемен қаласы арасындағы жолда өтеді. Оның ұзақтығы 10 шақырым. Жолды жоспарлауда Халықаралық велосипедшілер кеңесінің ұсыныстары да ескерілді.

Сонымен қатар, ШҚО Азаматтық альянс басшысының айтуынша, аталмыш жол өіңрдің ең тартымды деген жерлерінде арнайы таңдалып алынған.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика