Өңірлер

Өскеменде бесінші халықаралық бал фестивалі өтеді

Бесінші халықаралық бал фествалі Өскеменде 30 тамызда өтеді. Бұл туралы ОКҚ Өскеменде өткен көшпелі отырысында Қазақстан марал өсірушілер қауымдастығының төрағасы, «Қазақстан омарташы» ғылыми өндірістік жүйесінің мүшесі Нұрлан Тоқтаров хабарлады.
Шығыс Қазақстан22 Тамыз , 14:46

«Ағымдағы жылы бесінші халықаралық бал фестивалі өтеді. Ол 30 тамызда Өскеменде өткізіледі. Ауқымды шараға отандық сарапшылардан басқа Израиль, Түркия, Қытай, Румыния, Франция елдерінен мамандар келеді деп күтілуде», - деді Н.Тоқтаров.

Белгілі болғандай, шетелдік мамандар омарташы саласындағы жаңа инновациялық технологиялармен бөлісетін болады.

Қазақстан марал өсірушілер қауымдастығы төрағасы атап өткендей, мемлекет омарташылықтың дамуына үлен көңіл бөлуде. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қосымша субсидия бөлінді, олар омарташылық шаруашылығының дамуына берілетін болады.

Субсидияны асыл тұқымды араны өсірумен айналысатын шаруашылықтар алатын болады. «Фестиваль жаңадан басталғанда жылына 400-500 тоннадан аспайтында көлемде бал өндірілетін, бүгінде бұл көрсетікш жылына 20 мың тоннадан асап жығылады», - деп толықтырды ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика