Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

20-дан астам жұмыс беруші елорда тұрғындарына бос жұмыс орындарын ұсынды

Бүгін «Артем» сауда үйінде елордалық тұрғындарға, жоғары оқу орнын тәмамдағандарға бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтуде, сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жастар тәжірибесіне қатысуға болады.
Нұр-Сұлтан 22 Тамыз, 14:09

«Бүгінгі жәрмеңкеге 200-ден артық жұмыс берушілер шақыртылды. Оның негізгі міндеті – азаматтарға жұмысқа орналасу жағынан көмек көрсету, әлеуметтік қорғаудың тәртіптері мен еңбек нарығындағы жағдайды түсіндіру. Жәрмеңкенің мақсаты өз қызметін жүзеге асыру үшін адамдарды тарту», - деді «Жұмыспен қамту» орталығы қабылдау және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Аяжан Қазкеева мәлімдеді.

Айта кетерлігі,жәрмеңкеде Жұмыспен қамту орталығы мамандарының кеңес беру сабақтары өтуде.

Сондай-ақ, бүгін мамандықсыз тұлғаларға кәсіптік дайындықтан өту ұсынылады. Олар мына мамандықтар бойынша жүзеге асады: монтажшы, тігінші, кіші медбике.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика