ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Астанада мемлекеттік тілді насихаттауға арналған акция басталды

Бүгін Астанада алғаш рет мемлекеттік тілді насихаттауға арналған «Мәңгілік ел» республикалық акциясы басталды.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 14:03

" Алты апта бойы еліміздің алты аймағында мемлекеттік тілді насихаттауға арналған түрлі шаралар өткізіледі.  Олар Астана, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай мен Петропавл қалаларының ірі сауда орталықтарында өтеді. ҚОсымша тағы алты акцияны қазақ айында өткізуді жоспарлап отырмыз",- деді «Суденттердің өзін-өзі басару және даму одағы» КҚ жоба үйлестірушісі Айгүл Смағұлова.

Жалпы, игі шараға кез келген адам қатыса алады.Олар ірі сауда орталықтарда өткізілетін болады.

«Жобаны мемлекеттік тапсырыс аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі бойынша комитеті жүзеге асыруда. Жақында ғана біз Астанада республикалық деңгейдегі конференцияны өткіздік, ол мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттау мәселесіне арналған болатын. «Мәңгілік ел» игі шарасы осы мақсатта септігін тигізетін болады деп ойлаймыз», - деп атап өтті.

«Суденттердің өзін-өзі басқару және даму одағы» КҚ жоба үйлестірушісі Айгүл Смағұлова.

Оның айтуынша, аталмыш шараға атсалысуға волонтерлар қатысуда.

Айта кетерлік жайт, игі шара бүгін 200-ге жуық адамды қамтуды көздеп отыр.




Яндекс.Метрика