Білім беру

2 мыңға жуық студент жұмыс күші жетпей жатқан аймақтарда білім алатын болады – Әбдіқалықова

Екі мыңға жуық студент жұмыс күші жетпей жатқан аймақтарда білім алатын болады, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылына арналған білім беру қызметкерлерінің Республикалық тамыз кеңесінде.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 13:42

«Жаңа оқу жылында 2000 студент жұмыс күші қажет  өңірлердің 7 ЖОО мен 24 колледжінде білім алатын болады. Оған қоса, колледждердің серіктестігін өнеркәсіптік кәсіпорындармен нығайта түсу қажет, сондай-ақ, дуалды оқыту ұстанымын кеңейту қажет», - деді Г. Әбдіқалықова.

Бұрындары хабарлағандай, бүгінгі таңда дуалды білім жүйесі 176 колледжге енгізілуде.

Сондай-ақ, 2016 жылға дейін аталмыш бағытты ұстанған колледждердің саны 20 пайыздан 50 пайызға дейін көтеріледі. «10 колледж 10 ЖОО» жобасы аясында  ҮИИД МБ кәсіпкерліктеріне білікті мамандар дайындалуда.

Ведомствоның мәліметінше, 2013 жылы қолданысқа  1 480 орындық 3 колледж енгізілді, 772 орындық жатақхана ашылып, колледждер 3,3 млрд теңгенің қондырғыларымен жабдықталды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика