Адами капитал

Ақмол ауылының 36 жанұясы пәтер кілтіне ие болды

Целиноград ауданының Ақмол ауылында 36 отбасы жаңа пәтер кілттеріне ие болды, деп Ақмола облысының әкімдігінде хабарлады.
Ақмола22 Тамыз , 15:38

Жаңа баспананың кілтін облыс әкімінің орынбасары Қадырхан Отаров табыстады. 36 пәтерлік тұрғын үй «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынды. 4 қабатты үйдің құрылысы 2011 жылы басталған болатын, жобаның құны 182 млн теңге.

Әкімдікте хабарлағандай, пәтерлер жас отбасыларға, көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жас мамандарға табысталды.

«Жыл соңына дейін Ақмол ауылында 36 пәтерлі үйдің құрылысы жүруде. Целиноград ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін 45 пәтерлі үйді салу жоспарлануда», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика