Білім беру

Г.Әбдіқалықова: 2014 жылдың соңына дейін республикадағы 56 апатты мектеп жойылады

Қазақстанда Апатты мектептердің картасын іске асыру аясында жыл соңына дейін 56 мектеп жойылатын болады, дейді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылына арналған білім беру қызметкерлерінің Республикалық тамыз кеңесі барысында.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 12:21

«Бүгінде ешқандай да экономика саласы инновациялық дамусыз алға баса алмайды. Ғылым мен білім елдің инновациялық дамуында, отандық экономиканы жаңғыртуда басты мәнге ие», - дейді вице-премьер.

Оның айтуынша, өңірлік теңсіздікті қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде. 2 мың студент еңбек күшіне зәру өңірлердің 7 ЖОО мен 24 колледждерінде білім алатын болады.

Сонымен қатар, Г.Әбдіқалықованың айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін Апаттық мектептер картасы дайындалмақ. Онда алдағы уақытта жойылуы тиіс барлық оқу орындары жеке-жеке көрсетілетін болады.

«2014 жылдың 1 тамызындағы мәліметке сай, республикада 176 апатты жағдайдағы мектеп тіркелген. Жыл соңына дейін олардың 56-сын жою жоспарланған», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика