Халықаралық интеграция

Қазақстан АӨСШК-нің одан әрі институционалды нығаюын маңызды деп есептейді – СІМ

Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары (АӨСШК) Хатшылығының қайта тағайындалған Атқарушы директоры Елші Гун Цзяньвэймен кездесу барысында ағымдағы жылғы 21 мамыр күні Шаңхайда өткен АӨСШК IV Саммитінің қорытындыларын, сонымен қатар АӨСШК үдерісін әрі қарай дамыту мәселелерін талқыға салды.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 12:43

Ведомствода хабарлағандай, қазақстандық тарап АӨСШК-ны институционалды түрде нығайтудың маңыздылығын және оның аясында барлық тараптардың мүдделерін ескере отырып, Азиядағы қауіпсіздік пен даму жөніндегі Ұйым құру қажеттілігін атап өтті.

Кездесу барысында АӨСШК өлшеміндегі сенім шараларын нығайту мәселелеріне аса назар аударылды. Атап айтқанда, Министр сұхбаттасын ү.ж. қазан айында АӨСШК әскери сарапшыларының кездесуі мен олардың Астана қаласында орналасқан әскери базаларға сапарлары туралы ақпараттандырды.

Сондай-ақ, жақын арада АӨСШК Хатшылығының Астанаға көшуі мен елордада 5 қазанда АӨСШК күніне арнап, ресми іс-шаралар өткізу мәселесі қарастырылды.

 




Яндекс.Метрика