Білім беру

Қазақстанда бүлдіршіндермен жұмыс істейтін педагог-медқызметкер мамандығы пайда болады - А.Сәрінжіпов

Қазақстанда бүлдіршіндермен жұмыс істейтін педагог-медқызметкер мамандығы пайда болады. Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 12:03

«Жоғары және кәсіптік-техникалық білім департаменті бүлдіршіндермен жұмыс жасайтын педагог-медициналық қызметкер мамандығы бойынша колледжер мен жоғары оқу орындарының классификаторын енгізуді тапсырамын», - деді сөз басында министр.

Ол  атап өткендей, жалпы білім беру мекемелеріндегі маман тапшылығы  алаңдаушылық туғызады.

«Бүгінде мектепке дейінгі білім мекемелерінде 60 мың педагог еңбек етеді, олардың ішінде 18 мыңнан астамы жас мамандар. Бұл ретте айту керек, жоғары мамандандырылған білімі бар педагогтардың үлесі 20 пайыздан ғана асады», - деп түйіндеді А.Сәрінжіпов.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика