Білім беру

А.Сәрінжіпов: Қосымша білім ғана оқушыларды инновацияға құштар етеді

Қазақстандық мектеп оқушыларына қосымша білім беру арқылы ғана инновацияға тәрбиелеуге болады, дейді ҚР білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 11:56

«Білім беру сапасына қосымша оқыту жұмыстары да әсер етуі керек. Бүгінгі таңда ауылдық жерлердегі оқушыларға қосымша білім беру жағы ақсап тұрғаны жасырын емес. Қосымша білім беру ұйымдары негізінен ірі қалаларда шоғырланған», - дейді еліміздің бас ұстазы.

Оның айтуынша, өңірлердегі бос қалған ғимараттарды осы мақсатта пайдалану керек.

«Екінші ауысымдағы қосымша білім беру бағдарламасы ұйымдарын күшейту қажет. Үйірмелер мен спорттық секциялар санын көбейткен жөн. Орын тапшы болып отырған оңтүстік өңірлерде шағын аудандарда мектептік қосымша білім беру ұйымдарын ашса игі», - дейді.

Ведомство басшысының мәліметінше, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ елдерінде балаларды инновациялық дамыту стратегиялық бағдарламалары жұмыс істейді.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика