Адами капитал

Қазақстанда 2014-2018 жылдар аралығында жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс 700 мыңға артады - ДСӘДМ

Қазақстанда 2014-2018 жылдар аралығында жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс 700 мыңға артады, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов білім беру қызметкерлерінің Республикалық Тамыз жиынында.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 11:39

«Қазақстанда 2014-2018 жылдар аралығында жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс 700 мыңға артады. Осы уақытта халықтың экономикалық белсенді бөлігінің өсімі 400 мың адамды құрамақ», - дейді вице-министр.

Д.Арғандықовтың айтуынша, нәтижесінде халықтың еңбек қабілеттілігі төмендеуі мүмкін. «Яғни, еңбек нарығына енетін еңбекке қабілетті тұлғалар саны көбеймек. Бұл міндетті түрде жұмыс күшінің сапасына деген бәсекелестікті арттырады», - дейді ол.

Жалпы, макроэкономикалық даму параметрлерін сақтау шартында халықтың жұмыс күшімен қамтамасыз етіліп, еңбек нарығына өзін өзі жұмыспен қамтамасыз еткендер мен жұмыссыздарды тарту арқылы тапшылықты шешпек.

«2018 жылғы бағалау бойынша, техникалық және кәсіби мамандықтар барынша үлкен сұранысқа ие болмақ. Соның ішінде тау-кен өндірісі, құрылысшылар мен механиктердің тапшылығы байқалмақ», - дейді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика