Білім беру

Қазақстанда апатты жағдайда тұрған 176 мектеп бар - Сәрінжіпов

Қазақстанда бүгінде апатты жағдайдағы 176 мектеп бар, олардың мәселесін шешумен Білім министрлігі айналысуда. Бұл туралы білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 11:30

«Елімізде бүгінгі таңда апатты жағдайдағы 176 мектеп бар», - деп хабарлады тамыз кеңесінде А. Сәрінжіпов.

Ол түсіндіріп өткендей, олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында орналасқан.

«Мектептегі орын тапшылығы 70 мыңды құрады», - деп толықтырды ведомство басшысы.

А.Сәрінжіпов атап өткендей, министрлік апатты жағдайдағы және үш ауысымда жұмыс істейтін мектептерді анықтады.

«Бұл мақсатта арнайы комиссия құрылды, апатты жағдайдағы және үш ауысымда жұмыс істейтін мектептерді жою үшін 5 жылдық жоспар бекітілді», - деді ол.

Ведомство басшысы хабарлағандай, «министрлік аз қамтылған мектептердің проблемасын шешу жолында арнайы шаралар қабылдады», «оңтайландыру механизмі жасақталды».

«Мектеп инфрақұрылымын жақсартқаннан кейін аз қамтылған мектептер саны азайып жатқаны байқалуда. Бұл мектепті үлкейтумен байланысты, бұл мәселе бірте-бірте шешілетін болады. Аз қамтылған мектептердегі білім сапасын қамтамасыз ету үшін ғаламтор желілерімен қамту, қор орталықтарын жасау және жаңа инновациялық технологияларды пайдалануды қамтамасыз ету қажет», - деп түйіндеді  салалық ведомствоның басшысы.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика