Өңірлер

Ақтөбе облысында дәнді-дақылдардың алқабы 39,4%-ға ұлғайтылды - әкімдік

Ағымдағы жылы мал азығы дақылдарының егін алқабы 39,4%-ға , көкөніс дақылдарының алқабы 3,5%-ға ұлғайтылды, деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімдігі.
Ақтөбе22 Тамыз , 10:53

Аймақта ылғалдылықты сақтап тұратын технология дәнді дақылдар алқабының (266,5 мың. га) жартысынан көбіне енгізілген, бұл дегеніңіз өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға жоғары.

Сонымен қатар, аймақта мал шаруашылығы өндірісі де жақсарып келеді, барлық мал басының саны артуда, мәселен, ІҚМ 3,0%-ға, қой мен қозы 2,7%-ға, жылқы  7,1%-ға, түйе 1,2%-ға өсті.

«Жыл басынан бері 29,7 мың тонна ет өндірілді, бұл 2013 жылдың көрсеткішінен 5,4%-ға жоғары. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы отарлап мал өсіру жобасы шеңберінде 20,0 мың бас қой мен 400 бас жылқы  сатып алу жоспарланған», - деп атап өтті әкімдікте. 




Яндекс.Метрика