ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Биыл Еуразия ұлттық университетіне 3150 астам грант бөлінді

Биыл Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ға 3150 грант бөлінді.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 10:38

Оқу орнының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы бөлінген гранттардың ішінде жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, I, II топтағы мүгедектерге, бала күнінен бері мүгедектерге және басқаларға биыл 1289 грант ұсынылып отыр.

«Осы санаттың ішінде қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 112 жетім бала, 26 мүмкіндігі шектеулі жан, 4 950 әлеуметтік аз қамтылған отбасы балалары мен 874 көпбалалаы отбасы балалары білім алуда», - делінген хабарламада.

2014 жылдың шілде айының соңындағы мәлімет бойынша, гранттық негізде университетте 10 255 шәкірт оқып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті оқыту, ғылыми және әлеуметтік-мәдени орталық болып табылады. 1996 жылдың 23 мамыр күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қаулысымен С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты мен Целиноград инженерлік-құрылыс институты базасында құрылған болатын. Аталмыш білім ордасы құру идеясы Еуразиялық одақ бастамасымен үндесіп жатыр.




Яндекс.Метрика