Ұлттың денсаулығы

Қазақстан психикалық денсаулықты сақтау саласында бірқатар жетістікке қол жеткізді – С. Мусинов

Қазақстан психикалық денсаулықты сақтау саласында бірқатар жетістікке қол жеткізді, деп ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Мусинов «Медициналық-санитарлық алғашқы көмекке психикалық денсаулық қызметін ықпалдастыру» атты психиатрлардың, наркологтардың, психотерапевтердің және медициналық психологтардың IV съезінде айтты.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 10:21

«Қазақстан психикалық денсаулықты сақтау саласында бірқатар жетістіктерге қол жеткізгенін атап көрсетті. Республикада психикалық денсаулық сақтау қызметі үшін басты міндеттердің бірі жалпы медицинамен, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек буынымен ықпалдастыру және қоғамға бағдарланған психиатрия саласын дамыту болып табылады. Психикалық денсаулық қызметін ықпалдастыру қызмет тиімділігін арттыруға, психикалық және мінез-құлық ауытқушылықтары бар тұлғаларды стигматизациялау және кемсітушілікті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, республика халқының психикалық қызметінің қолжетімділігі деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Мусинов.

Ведомствода хабарлағандай, ауқымды жиында Қазақстан Республикасында психикалық денсаулық қызметін дамыту және реформалау тұжырымдамасы жобасы талқыланды. Съезге қатысушылар жобаға қатысты сараптамалық қорытындыларын берді.

Жиында талқыға салынған көптеген мәселелер 2016-2020 жылдарға арнап әзірленетін «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрініс табатын болады. 




Яндекс.Метрика