Өңірлер

ШҚО-да ШОБ-тің өзекті мәселелері талқыланды

ШҚО-да ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Ферхо мен облыстың өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері ШОБ-тің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан22 Тамыз , 10:03

Диалог барысында депутат «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасының негізгі жағдайлары туралы айтып, «Нұр Отан» партиясы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыратын және жемқорлық әрекеттерге қарсы тұруға мүмкіндік беретін ШОБ сараптамалық бағалауы мәселесі бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын құру туралы мәселені қарастырып жатқанын мәлімдеді.

«Сонымен қатар, кәсіпкерлермен арадағы қозғалған тақырыптар ішінде кедендік реттеу, тариф құру, мемлекеттік сатып алу мен өңір үшін өзекті экологиялық мәселелер де қамтылды», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика