Қалаларға шоғырлану

Ақтөбенің жылу жүйесін қайта жаңғыртуға 1,2 млрд теңге бөлінді

Ақтөбеде республикалық бюджет қаржысы есебінен 1,2 млрд.теңгедей сомаға ұзындығы 8,3 км жылу желілерін қайта жарақтандыруға қаржы бөлінді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтөбе22 Тамыз , 09:33

«Трансэнерго» АҚ жұмысты бекітілген жоспарлар мен кестелерге сәйкес жүргізуде, оларға сай жалпы сомасы 2,0 млрд-тай теңгеге ұзындығы 6,8 км жылу желілерін қайта жарақтандыру және күрделі жөндеуді атқару жоспарлануда.Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес орындалуда. Мұнда диаметрлері үлкен – 530 мм-ден 820 мм-ге дейінгі жылу желілері төселуде, бұл құбырлардың өткізу қабілетін 25-30%-ға көбейтуге мүмкіндік береді.

«Одан басқа, республикалық бюджет қаржысы есебінен 1,2 млрд.теңгедей сомаға ұзындығы 8,3 км жылу желілерін қайта жарақтандыруға қаржы бөлінді», - делінген хабарламада.  




Яндекс.Метрика