2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

338 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 09:01

Отырыста Республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларын орындау, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау және одан айыру мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері қаралды.

Атап айтқанда, тілдік курстарды жаңа үлгі бойынша іске асыру тұжырымдамасының жобасы қаралды. Стипендиаттарды тілдік даярлауды әрқайсысы 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімді қамтитын екі кезеңде жүргізу қарастырылуда.

Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды. 338 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.




Яндекс.Метрика