Халықаралық интеграция

Сенат Төрағасы ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады, деп Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 18:17

Кездесу барысында ҰҚШҰ-дағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасының пікірінше, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы парламентшілердің бірлескен жұмысы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды құрал ретінде ұйымның тиімділігін арттыруда ерекше маңызы бар.

Украинадағы жағдайды талқылай келіп, жүздесушілер Кеден Одағы басшыларының 26 тамызға жоспарланған Минскідегі кездесуі Еуропа Одағы мен Украинаның дағдарыстан шығуына жәрдемдесетініне үміт артатындарын білдірді.




Яндекс.Метрика