Сонымен, төраға болып тағайындалғандар:
1.Аэроғарыш комитетіне – Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы;
2. Автомобиль комитетіне – Пішембаев Мереке Құдайбергенұлы;
3.Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне – Сәрсенов Сәкен Сейтжапарұлы;
4. Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне – Ержанов Аманияз Қасымұлы;
5. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне – Нұрабаев Базарбай Қанайұлы;
6.Техникалық реттеу және метрология комитетіне – Қанешев Біржан Бисекенұлы;
7. Көлік комитетіне – Асаубаев Әсет Асанұлы;
8. Азаматтық авиация комитетіне – Сейдахметов Бекен Қанелұлы;
9. Инвестиция комитетіне – Хаиров Ерлан Қартайұлы.
Айта кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің құзыретіне еліміздің индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері кіреді. Соның ішінде, өнеркәсіп салаларын дамыту мен инвестицияларды тарту, қазақстандық үлесті арттыру саясатын іске асыру, техникалық реттеу (ИЖТМ-нен); көлік және коммуникациялар (ККМ-нен); өнеркәсіп қауіпсіздік (ТЖМ-нен); байланыс, ақпарат және ақпараттандыру (БАА-нен); ғарыш саласын дамыту (Ұлттық ғарыш агенттігінен) функциялары қосылды.