Өңірлер

Қарағандылық ұстаздар АҚШ-та тағылымдамадан өтеді

Қарағандыда екі күн бойы Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Халықаралық дамыту бойынша АҚШ агенттігінің «Қауымдастықтар байланысы» бағдарламасының жартылай финалына іріктеу кезеңі өтеді.
Қарағанды21 Тамыз , 19:47

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы хабарлағандай, бағдарламаның негізгі мақсаты – кәсіптік және техникалық білім беруді Қарағанды облысының моноқалаларында дамыту.

«Аталмыш бағдарлама АҚШ-та үшкүндік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады, арнайы мамандықтар мен құрылыс мамандықтары бойынша сабақтар жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Осы орайда бағдарлама 10 қатысушыдан тұратын топтарға тәжірибелік тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Қатысушылар семинарлар мен дәрістерге қатысып, АҚШ мекемелеріндегі өз әріптестерімен кездесе алады.

Айта кетерлігі, АҚШ-тан оралғаннан кейін қатысушылар шетелде оқып-білгендерін елде насихаттау үшін жұмыс жоспарын құрулары тиіс. 




Яндекс.Метрика