Өңірлер

ШҚО халқының табысы 7,2%-ға артты

Шығыс Қазақстандағы экономикалық қызметтерді жандандыру облыстың әлеуметтік саласына да оң әсер етті, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына сілтеме жасай отырып.
Шығыс Қазақстан21 Тамыз , 19:28

Өңірде өмір сүру ұзақтығы артты. Бұл көрсеткіш 68-69 жас көлемінде. Сонымен қатар туу көрсеткіші де жақсарған. Облыста бірінші жарты жылдықта 11 421 нәресте дүниеге келген, бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5% артық.

«Соңғы мәліметтерге сай, шығыс қазақстандықтар отбасында мектепке дейінгі жастағы 145 мың бала тәрбиеленуде. Және де өңірде 167 оқушы тіркелген. Облыста 32 мыңнан астам студент пен 29 жасқа дейінгі 160 тұрғын бар. Осылайша қазірдің өзінде 14-29 жас аралығындағы жастар облыс халқының төрттен бірінен асып отыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар облыс бойынша орташа жалақы мөлшері 8,3% артып,  93,7 мың теңгені құрады. Жалпы, халықтың табысы 7,2% артып, 55,9 мың теңгені құрап отыр. Қазақстанда 2014 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша сотталғандардың саны азайды 




Яндекс.Метрика