Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Қарағанды облысының кардиоорталығында жылына 5 мың ота жасалады

Таяуда Қарағанды облысы кардиохирургиялық орталығында операциялық-реанимациялық корпус ашылды. Аталмыш теңдессіз жобаның жалпы құны 1,8 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде 1,2 млрд теңге заманауи медициналық құрылғыларға тиесілі.
Қарағанды21 Тамыз , 18:47

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, өңірде жүрек-қан тамыр патологиясына шалдыққандардың хирургиялық еміне деген сұраныс жылына 11-12 мың операцияны құрайды. Заманауи операциялық-реанимациялық блоктың салынуымен операция санын жылына 2500-ден 5000-ға арттыру жоспарланып отыр.

«Операциялық-реанимациялық корпусқа операциялық блок, реанимация бөлімі, балалар кардиохирургиясы мен ересектер жүрек-қан тамыр хирургиясы блогы, миокардтың терең инфаркт блогы, клиникалық зертхана мен қабылдау орны, сонымен қатар орталық тазартылған бөлім бар», - делінген хабарламада.

Орталық қызметімен танысып шыққан өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековтың айтуынша, жаңа операциялық-реанимациялық корпустың халық игілігіне ұсынылуы Мемлекет басшысының кардиохирургияны да қамтитын денсаулық сақтау саласының әлеуметтік маңызы бар бағыттарын дамыту тапсырмасын іске асырудың нақты шаралары болып табылады.




Яндекс.Метрика