Білім беру

«Жұлдызды шашу» ұстаздар фестивалі аясында 60-тан астам мұғалім алғыс хаттармен марапатталды

«Жұлдызды шашу» IX жыл сайынғы елордалық ұстаздар фестивалі аясында қаланың 60-тан астам мұғалімі алғыс хаттармен марапатталды.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 16:43

Бүгін тамыз конференциясы шеңберінде Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында  «Жұлдызды  шашу» IX жыл сайынғы  елордалық  ұстаздар фестивалі өтті.

«Құрметті әріптестер сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын, елорда әкімі біздің алдымызда жаңа міндеттерді қойып отыр. Алдағы оқу жылында оларды жүзеге асыруға тырысатын боламыз, сіздерге шығармашылық табыс, жетістікке жете берулеріңізді тілеймін», - деп құттықтады астаналық білім басқармасы бастығының орынбасары Қасымхан Сенғазиев.

Фестиваль аясында шаһардың үздік ұстаздарына ҚР білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласының білім басқармасының алғыс хаттары мен мақтау грамоталары берілді. Сондай-ақ, 2013-2014 оқу жылындағы Спартакида мен  «Дидарлы жаз» спорттық алаңы қорытындыланды.    

«Астана қаласы білім саласының алтын қоры» кітабына үздік ұстаздардың есімі салтанатты түрде жазылды.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика