ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда мемлекеттік тілді қолдауға бағытталған акция өтеді

Ертең Қазақстан бойынша мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге бағытталған «Мәңгілік ел» республикалық акциясы басталады.
Казахстан21 Тамыз , 17:23

Алты апта бойы еліміздің алты аймағында мемлекеттік тілді насихаттауға арналған түрлі шаралар өткізіледі.

Игі шараға кез келген адам қатыса алады. Олар Астана (22 тамыз, «Керуен»СОСО), Павлодар (23 тамыз,  «Айнұр-Қазақстан» СҮ), Көкшетау (25 тамыз, «РИО» СОСО), Қарағанды (26 тамыз, «Абзал» СҮ), Қостанай (27 тамыз, «Март» СО) мен Петропавл (28 тамыз, «Рахмет» СҮ) қалаларының ірі сауда орталықтарында өтеді.

«Жобаны мемлекеттік тапсырыс аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі бойынша комитеті жүзеге асыруда. Жақында ғана біз Астанада республикалық деңгейдегі конференцияны өткіздік, ол мемлекеттік тілді жастар арасында насихаттау мәселесіне арналған болатын. «Мәңгілік ел» игі шарасы осы мақсатта септігін тигізетін болады деп ойлаймыз», - деп атап өтті «Суденттердің өзін-өзі басару және даму одағы» КҚ жоба үйлестірушісі Айгүл Смағұлова.




Яндекс.Метрика