Адами капитал

Алматыда жүйелі қызылжегімен ауыратын адамдар үшін алғашқы мектеп ашылады

2014 жылғы 23 тамызда Алматы қаласында Жүйелі қызылжегі мектебінің ашылуы болады.
Алматы қаласы21 Тамыз , 15:53

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жүйелі қызылжегімен (ЖҚЖ) ауыратын адамдар енді №6 қалалық емхана базасында ашылған арнайы мектепке бара алады. Бүгінгі күні Қазақстандағы жалғыз әрі алғашқы мектептің ашылуына Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты (АМДБЖИ)  ревматология кафедрасы бастамашы болып отыр.

Қазіргі таңда ЖҚЖ - ем таптырмай тұрған аурулардың бірі. Алайда, ЖҚЖ симптомдарын сәйкесінше ем жүргізу арқылы бақылап отыруға болады, тіпті адамдардың көпшілігі осы аурумен жүріп-ақ толыққанды белсенді өмір сүре алады. Осы бір созылмалы аурумен қалай өмір сүру керектігін Жүйелі қызылжегі мектебін ашқан білікті қызметкерлер үйретеді.




Яндекс.Метрика