Өңірлер

Алматыда биыл коммуналдық меншіктің 10 нысаны жекешелендіріледі

Алматыда коммуналдық меншікті жекешелендіру бағдарламасын іске асыру жұмыстары жалғасуда.
Алматы қаласы21 Тамыз , 15:37

Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, жекешелендіру шараларын жүргізу кезіндегі процедуралардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін комиссия құрамына Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Әділет департаменті, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесі өкілдері мен КП сарапшылары енгізілген.

«Бағдарламаны іске асырудың басталғанынан бері комиссия отырысында бес коммуналдық меншік нысаны мен бес коммуналдық жылжымайтын мүлік қарастырылды. Екі коммуналдық меншік нысаны – «Almaty Trade Consultind» ЖШС мен «Архимед мектебі» ЖШС адрестік сатылымы өтті. Қалған нысандар коммерциялық тендер мен бәссаудаға шығарылды.

Алматы қалалық КП сарапшысы Алма Тұрлыбаеваның айтуынша, Кәсіпкерлер палатасы мамандарының жекешелендіру жұмыстарына қатысуы шараның ашықтығын қамтамасыз ету тұрғысынан өте маңызды.

«Біздің Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының қызметі саудаға шығарылған нысандар мен олар туралы мәліметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету. Бұл қойылып отырған нысанның қаржылық жағдайы мен аталмыш нысанның бұрынғы жалға алушысына да қатысты. Өйткені мемлекеттің қатысуы әрқашан жүз пайыз деңгейінде бола бермейді. Тағы бір жағынан нысанды бағалау тұрғысынан да маңызды», - дейді сарапшы.

Алматы қалалық КП хабарлауынша, биыл, берілген өтініштерге сай, Алматы қалалық коммуналдық меншіктің он ныснаны саудаға шығарылмақ. 

 




Яндекс.Метрика