Мәдениетті жаңғырту

Н. Назарбаев өнер майталмандарымен театрлар мен кинематографияны дамытуды талқылады

Бүгін Мемлекет басшысы Театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов пен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевты қабылдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласы21 Тамыз , 15:03

Кездесуде театр өнерін дамытудың негізгі аспектілері, театрлардың репертуар саясаты және олардың шығармашылық деңгейін одан әрі көтеру мәселелері қаралды.

Т.Жаманқұлов өзі басқаратын одақтың қызметі, сондай-ақ отандық театрлардың, соның ішінде өңірдегі театрлардың жұмысы туралы баяндады. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бүгінде киностудия қазақстандықтардың мәдени дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Осы саланың нығаюы үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Киностудия жоғары дәрежелі жабдықтармен және заманауи түсіру алаңдарымен қамтамасыз етілген.

Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпалын тигізуі тиіс патриоттық тақырыптағы фильмдер өндірісі қажеттігін атап өтті.  

Қазақстан Президенті Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірудің өзектілігіне тоқталды.

Е.Аманшаев киностудияның жыл соңына дейін прокатқа түрлі тақырыптағы 8 фильм шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қазақстандық кинофильмдер былтыр 1 миллионнан астам көрермен жинағанын атап өтті. 

 

 

 




Яндекс.Метрика