ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Астанада 2017 жылы 4 жаңа колледж ашылады - Тасмағамбетов

Астанада 2017 жылы жалпы сыйымдылығы 3600 адамға жететін 4 жаңа колледж ашылады. Бұл туралы елорданың бiлiм қызметкерлерiнiң тамыз кеңесi барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 14:46

«Қазіргі таңда 12 мемлекеттік орташа мамандандырылған арнайы оқу орындары бар. Олардың жартысынан көбі өндіріске арналған техникалық мамандықтар бойынша білім береді. Бұл салада жайлап теникалық салаға көшу байқалуда, бұл өз кезегінде экономикалық және еңбек нарығының қажеттілігінен туындаған жағдай», - деп хабарлады И.Тасмағамбетов.

Елорда әкімінің мәліметі бойынша, 2017 жылға дейін қосымша жаңа 4 колледж іске қосылады, олардың екеуі құрылыс саласы бойынша және әрқайсысы 800 адамға есептелген. Біреуі энергетика саласы бойынша және ол да 800 адамға есептелген, соңғысы техникалық бағыттағы колледж және ол 1200 студентке арналған.

Жалпы, қалалық әкімдіктен хабарлағандай, шаһарда егемендік алған жылдары 28 жаңа мектеп, 100-ден астам балабақша мен 5 жекеменшік мектеп, 25 мектепке дейінгі шағын орталық, 6 қосымша білім беру мекемесі мен 23 техникалық және кәсіптік білім беру нысаны ашылып, пайдалнуға берілді.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика