Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР Мемлекеттік хатшысы қылмыстық өндірістің жаңа үлгісіне көшу мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы міндетін уақытша атқарушы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен бірқатар мемлекеттік органдар мен ҚР Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелері басшылары қатысқан кеңес өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 13:15

Жиын Қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізушілік, қылмыстық  атқарушылық және әкімшілік өндірістің жаңа үлгісіне көшу іс-әрекетінің бірыңғай мемлекеттік  жоспарын орындау мәселелеріне арналды.  

Кеңеске қатысушылар еліміздің құқық қорғау және сот жүйелері  қызметінің жаңа жағдайдағы нормативтік-құқықтық, қаржылық және ұйымдастыру-техникалық мәселелерін талқылады. Соның ішінде Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімін жасау; қызметкерлерді жаппай қайта оқытуды ұйымдастыру, оларды қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды




Яндекс.Метрика