Өңірлер

2014 жылы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға шамамен 31 млрд теңге бөлінеді (Брифинг бейнебаяны)

2014 жылы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға шамамен 31 млрд теңгенің ұзақмерзімді несиелері бөлінбек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 21 Тамыз, 13:02

«Биыл барлық несиелік бағдарламаларды ескере отырып қор фермерлер мен ауыл кәсіпкерлігін дамытуға шамамен 31 млрд теңгенің ұзақмерзімді несиелері бөлуді жоспарлап отыр», - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2013-2014 жылдары қор тарапынан 3 қосымша бөлім ашылды. Олар несиелендіру процесін толықтай жүзеге асырады.

«Фермерлердің несиеге қолжетімділігін арттыру мақсатында қор тарапынан 2013-2014 жылдары 3 қосымша бөлім ашылды. Олар несиелендіру процесін кеңес беруден бастап несиені бергенге дейінгі барлық шараларды толықтай жүзеге асырады», - дейді.

Оның айтуынша, бүгінге дейін қордың өнгімділік жолы барынша жетілген және мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы мен өнімді өңдеу секілді барлық қызмет түрлері бойынша ауыл кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған.

«Осыған қарамастан біз өнімділік жолымызды жандандырып, оны тұтынушылардың ыңғайына және мемлекеттік даму бағыттарына қарай келтіргеніміз», - дейді.  

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика