Халықаралық интеграция

ШЫҰ қатысушы мемлекеттерінің антитеррорлық оқу-жаттығуы өтуде - ҚМ

"Чжужихэ" полигонында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы мемлекеттердің "Бейбіт миссия - 2014" бірлескен антитеррорлық оқу-жаттығуы аясында әскерлердің дербес жаттығулары басталды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде21 Тамыз , 15:21

Қазақстандық десантшылардың бірлескен әскери оқу-жаттығуға қатысуы бірінші рет емес. "Чжужихэ" полигонында өткізетін екі апта бойы майор Кирилл Ложкин басқаратын десанттық-шабуылдау бөлімшесі Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қарулы күштерінің бөлімшелерімен бірлескен іс-қимылдарды пысықтайтын болады.

Көпұлтты әскерлер контингентінің құрамындағы қазақстандық батальонның жеке құрамы таулы жерлер мен елді мекенде заңсыз қарулы құралымдарды оқшаулау және жою жөнінде қойылған міндеттерді табысты орындауда.

"Бейбіт миссия - 2014" оқу-жаттығуы барысында көпұлтты әскерлер контингенті бірнеше жаынгерлік атыстармен бірнеше бірлескен жаттығу өткізеді№

Бүкіл коалициялық топтаманың басты міндеті – қойылған міндеттерді орындаудағы жауынгерлік үйлесімділік пен өзара іс-қимыл мәселелерін сапалы пысықтау. Бұл ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер әскерлеріне антитеррорлық опрерацияларды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика