ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылы елорданың үш ауысымды мектептерінің жұмыс істеу мәселесі шешіледі - Тасмағамбетов

Ағымдағы жылы 11 мектепті пайдалануға беру арқылы 3 мектептің 3 ауысымда жұмыс істеу мәселесі шешіледі, 2015 жылы тағы екі мектеп үш ауысымда жұмыс істемейтін болады. Бұл туралы елорданың бiлiм қызметкерлерiнiң тамыз кеңесi барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 12:34

«Астанада бірегей ғимараттар салынуда, халықтың өмір сүріп, білім алуы үшін барынша жағдай жасалуда. Осы ретте өзге аймақтардан қоныс аударған азаматтар саны да артып келеді. Жыл сайын Астанаға орташа есеппен 40-тан 60 мыңға дейін адамдар келеді», - деді әкім.

Оның айтуынша, бұл әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына үлкен салмақ салуда. «Соңғы екі жылда бізде  үш ауысымдағы мектептер пробламасы пайда болды», - деп толықтырды ол.

«Бүгіні таңда 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Ағымдағы жылы 11 мектепті пайдалануға беру арқылы 3 мектептің 3 ауысымда жұмыс істеу мәселесі шешіледі, 2015 жылы тағы екі мектеп үш ауысымда жұмыс істеуді тоқтатады», - деп сендірді И.Тасмағамбетов.

Жалпы, Астана әкімінің пайымынша, елордалық білім дұрыс инновациялық даму жолында. Оның өзінің базасы және білікті мұғалімдері бар. «16 жыл ішінде Астанадағы мемлекеттік мектептердің саны 35 данаға өсті. 1998 жылы 37 мектеп жұмыс істесе, 2014 жылы ол 72-ге жетті», - деп түйіндеді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика