Білім беру

Жаңа оқу жылында Астана ұстаздарының компьютерлік сауаттылығы артады – әкім

Жаңа оқу жылында Астана ұстаздарының компьютерлік сауаттылығын арттыру курсы жүргізіледі, деп мәлімдеді бүгін елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған тамыз кеңесінің қалалық пленарлы отырысында.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 12:03

«Жаңа оқу жылында барлық мектептерде қала ұстаздарының компьютерлік сауаттылығын арттыру курстарын ұйымдастыратын боламыз. Оқу жылының соңында компьютер және ғаламторды игеру деңгейлерін анықтау мақсатында аттестация жүргізетін боламыз», - дейді И.Тасмағамбетов.

Әкімнің айтуынша, бұл курстар негізгі кеңсе құрылғыларды пайдалану мен таныстырылымдар  дайындау және ғаламтор ресурстарының іздеу жүйелерін еркін қолдануына баулитын болады.

«Білім беру басқармасына курстар ұйымдастырып, аттестация жүргізу ережелерін дайындау мен бекітуді тапсырамын», - дейді әкім. «Бұл өте маңызды. Биыл қала мектептеріне жаңа заман талаптарына сай компьютерлер мен тиісті бағдарламалық құрылғылар сатылып алынды», - дейді И.Тасмағамбетов.

Жиын барысында ол елордалық шамамен 11 мыңдай мұғалімнің бар болғаны 12 пайызы ғана ғаламторды еркін қолдана алатынын еске сала кетті.

Соның ішінде 16 пайызы оқу процестерінде компьютерді толыққанды қолдана алса, 45 пайыз мұғалімдердің компьютерлік сауаттылықтары бастауыш деңгейінен ары аспайды. «Елорданың ұстаздар қауымы жаңа заман талабына сай біліктілікке ие болуы қажет», - дейді қала әкімі.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика