Инфрақұрылымның дамуы

ШҚО-да автокөліктің 330 тұрақты бағыты қызмет етеді

Шығыс Қазақстанда автокөліктің 330 тұрақты бағыты қызмет етеді, соның ішінде 21-і халықаралық бағытта, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан21 Тамыз , 11:48

Курчатов қаласы тұрғындарының көлік саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында биыл «Семей-Курчатов-Астана» облысаралық бағыты ашылды.

Сонымен қатар, облыста жаңа құрылғыларды енгізу есебінен жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартудың жоспарлы жұмыстары жүргізілуде.

Өңірдің барлық аумағында электронды билет сату жүзеге асырылуда. Биыл электронды жүйе Семейдің орталық автовокзалында да енгізілді.

«Жолаушылар көлігінде жылжымалы GPS-навигациялар жүйесі құрамы құрылғылары жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде халықаралық бағытта қатынайтын 139 автобус  аталмыш жүйемен жарақтандырылды. Онда көліктің қай жерде келе жатқаны көрсетіліп тұрады. Сонымен қатар Өскемен қаласының автовокзалының ресми сайтындағы жолаушылардың жеке кабинетінде арнайы монитор қойылған», - делінген хабарламада.  

Бұдан бөлек облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан автобустарды бақылау жолы бойынша жолаушылардың тегін ғаламторға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда. 




Яндекс.Метрика