Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ЖҚЖК-2020 бойынша жастар тәжірибесіне 240 адам бағытталды

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жастар тәжірибесіне 240-тан астам адам бағытталды, деп Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Олжас Омар мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 11:33

Оның айтуынша, бағдарлама бойынша Астана қаласында ағымдағы жылы жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 79 635 000 теңге бөлінді, ол 400 адамды жұмыспен қамтуға бағытталған.

Қазіргі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жастар тәжірибесіне 241 адам бағытталды.

«Жастар тәжірибесіне қатысушылардың жалақысы 18 АЕК құрайды, демек 27 700 теңге», - деді Олжас Омар.

Айта кетерлігі, жастар тәжірибесіне насихаттау жұмыстары әлеуметтік жұмыс орындарында, оқу мекемелерінде, қала ұйымдарында жүргізіледі. Кездесулер өткізіліп, арнайы парақшалар таратылады.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика