Білім беру

Астанада әдiстемелiк ресуртық орталық құрылады

Астанада әдiстемелiк ресуртық орталық құру ұсынылды. Бұл туралы бүгiн Иманғали Тасмағанбетовтың қатысуымен өткен елорданың бiлiм қызметкерлерiнiң тамыз кеңесi барысында Астана қаласының бiлiм беру басқармасының басшысы Эльмира Сұханбердиева қалалық әдiстемелiк ресуртық орталық құруды ұсынды.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 11:17

«Орталық жұмысының негiзгi бағыты педагогтардың инновациялық әлеуетiн дамытудағы желiлiк өзара әрекеттестiктi жасау және оның құрылымына, ғылыми-әдiстемелiк көмек құрамы мен мазмұнына, ең бастысы, өз пәнi бойынша нақты бiлiм алуға бағытталады», - деді  Э.Сұханбердиева.

Оның айтуынша, өткен оқу жылына жүргiзiлген аудит нәтижелерi мұндай орталықты құру қажеттiлiгiн көрсетiп отыр. 

«Аудит қаланың бiлiм беру ресурстарының әркелiлiгiн анықтап, оларды күшейту қажеттiгiн көрсеттi. Бiрнеше мамандандырылған және орталық мектептердiң ұстаздары ғана тиiстi дайындық сапасына ие. Бұл бiлiм ошақтарында астананың үздiк кадрлары шоғырланған», - деп түйіндеді ол. 

 




Яндекс.Метрика