Өңірлер

Жекешелендірудің алғашқы саудасында 28 нысан 1 млрд теңгеден астам қаржыға сатылды

Жекешелендірудің алғашқы саудасында 28 нысан 1 млрд теңгеден астам қаржыға сатылды. Бұл туралы 2014-2016 жылдар аралығында жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы туралы келелі кеңесте ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Марат Құсайынов хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 10:53

«Мүлікті сатудың алғашқы саудасы өтті. Бүгінгі таңда коммуналдық жеке меншік, холдинг пен ұлттық компания жеке меншігінің 28 нысаны 1 млрд. теңгеден астам қаржыға сатылды», - деді ол.

Сонымен қатар, М.Құсайынов  атап өткендей, 2014 жылы 278 нысанды жекешелендіру көзделіп отыр.

«2014 жылы 278 нысанды жекешелендіру көзделіп отыр, оның 19 - республикалық, 109 - коммуналдық жекеменшік, 75 - ӘКК бойынша, 75 - ҰБХ, ҰХ, ҰК бойынша», - деді бірінші вице-министр.

Оның айтуынша, жария етудің екінші толқынының экономикалық тиімділігі жоғары.

«Жалпы, жария етудің екінші толқынының экономикалық тиімділігі жоғары болады деп күтіп отырмыз. Екінші толқын аясында мемлекет жеке секторға тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды шығарады», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика