Өңірлер

Жекешелендіру аясында шамамен 350 актив бәсекелестік ортаға беріледі

Ұлттық холдингтер мен компаниялар жекешелендірудің екінші толқыны аясында 337 активті бәсекелестік ортаға шығаратын болады. Бұл туралы 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асырудың күрделі мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 10:40

«Бәсекелестік ортаға 782 квазимемлекеттік сектор ұйымы өткізілетін болады. 380-і қайта құрылады немесе біржола жұмыстарын тоқтатады. Жекешелендіруге республикалық меншіктің 29 ұйымы мен 3 нысаны, коммуналдық меншік бойынша 416 ұйым жекешелендіріледі. Ұлттық холдингтер мен компаниялар жекешелендірудің екінші толқыны аясында 337 активті бәсекелестік ортаға шығаратын болады. Соның ішінде «Самұрық-Қазына» қорының 106 активі, «Бәйтерек» холдингінің 15, ҚазАгроның 32, Парасаттың 8, Зерденің2, СПк-ның 174 ұйымы өткізіледі», - дейді.

Сонымен қатар, М.Құсайыновтың айтуынша, ҚР Президенті 2020 жылға дейін мемлекеттің ұлттық экономикаға қатысу деңгейін ЖІӨ-нің 15 пайызына дейін төмендетуді тапсырған.

«Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін мемлекеттің ұлттық экономикаға қатысу деңгейін ЖІӨ-нің 15 пайызына дейін төмендетуді тапсырды. Аталмыш стратегияны іске асырудың мемлекеттік саясатының басты қозғаушы күші кәсіпкерлік қызметтерге қазақстандықтар санын барынша молынан тарту. Шағын және орта кәсіпкерлікті жалпыхалықтық әлеуметтік-экономикалық қозғалыс ретінде қалыптастыру», - дейді ол.

Оның айтуынша, жекешелендіру мемлекеттің экономика салаларына араласуын шектейтін бірден бір тетік ретінде жұмыс істейтіні анық.

«Мемлекет түрлі тетіктерді пайдалана отырып, соның ішінде жекешелендіруді қолға алып мемелкеттің экономика салаларына араласу деңгейін төмендетеді. Соның ішінде профилді емес активтерді бәсекелестік ортаға шығару арқылы жұмыс істейді. Бірінші кезекте, бұл мемлекеттің қатысуы қажетсіз болып табылатын салаларға қатысты», - дейді М.Құсайынов.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика