Өңірлер

«Парыз» байқауына жаңа номинация енгізілді

«Парыз» байқауында «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» атты жаңа номинация пайда болды. Бұл туралы келелі кеңесте ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Дәулет Арғандықов хабарлады.
Нұр-Сұлтан21 Тамыз , 10:33

Ағымдағы жылы  «Парыз» байқауы  осымен жетінші рет өтеді және онда «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» атты жаңа номинация пайда болды.

«Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады», - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар, министрлікте атап өткендей, алқа мәжілісінде байқауды ұйымдастыру мәселелері де қаралды.

Қазіргі таңда сайыста өзін сынап көрмекші болып 200-ге жуық кәсіпкерлік субъектілері өтініш берген. Айта кетерлік айт, олардың басым бөлігі «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша өтініш тапсырған, дәлірек айтсақ олардың саны 90-ға жуық.

Естеріңізге сала кетейік, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін насихаттайтын «Парыз» байқауы  жылы мемлекет басшысымен бекітілген. Сайыстың басты мақсаты - ҚР еңбек кодексінде көрсетілген талаптарды орындайтын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорындарды мадақтау.




Яндекс.Метрика