ҚР ИИДМБ

Павлодар облысында Индустрияландырудың 85 жобасы жүзеге асуда

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында облыста инвесиция көлемі 1,1 трлн. теңге болатын Индустрияландыру картасының 85 жобасы іске асырылып, 10 мың жұмыс орны құрылды, деп облыс әкімі Қанат Бозымбаев мәслихат отырысында мәлімдеді.
Павлодар21 Тамыз , 09:48

Бүгінгі таңда Елбасының облыс қалалары мен аудандарын Индустрияландыру картасымен жүз пайыз қамту жөніндегі тапсырмасы орындалды. Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері инвестициясы 231,2 млрд. теңге болатын 56 жоба қолданысқа беріліп, 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

«Бағдарламаны іске асырудың оң нәтижелерін көріп отырмыз. Атап айтқанда, Индустрияландыру картасының осы жылдар бойы іске қосылған жобалары арқылы 237,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл облыс өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінің 5,5 пайызын құрайды», - деді аймақ әкімі.




Яндекс.Метрика