Өңірлер

Батыс Қазақстанда егіннің 64% жиналды

Батыс Қазақстан облысында егін алқабынан дәнді дақылдардың 64% жиналды.
Батыс Қазақстан21 Тамыз , 09:33

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, күздік егіс толығымен жиналып алынды және бүгінде 114 мың тонна астық жиналды. Шаруалар орташа есеппен әр гектардан 16,2 центнер өнім алды.

«Атап өтерлік жайт, егер ағымдағы жылы аймақта егін алқабы 316 мың га құраса, оның 245 мың га жаздық егіс. Күздік егіс толығымен жиналып алынды, ал жаздық егістің 20 мың гектардан астамы жарамсыз деп танылды. Қалған 118 мың гектардан бүгінде 62 мың тоннадан астам бидай алынды», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика