Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбе облысында 53,5 мың ШОБ субъектісі тіркелген – әкімдік

Жыл басынан бері тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері 6,2 пайызға өсіп, 53,5 мың бірлікті құрады, деп Ақтөбе облысының әкімдігінде хабарлады.
Ақтөбе21 Тамыз , 09:16

ШОБ саласында 130,3 мың адам жұмыс істейді, яғни 30 пайыз белсенді экономикалық халық.

Бірінші жарты жылдықта бюджетке салықтар өзге төлемдер және ШОБ субъектісінен түскен  қаржы 2013 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға көтеріліп, 53,8 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, 2014 жылы кәсіпкерлікті қолдау үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 5,3 млрд теңге бөлінді, ол 2013 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге жоғары. 




Яндекс.Метрика