Халықаралық интеграция

Маскатта Қазақстан-Оман ынтымақтастығының дамуы талқыланды

Қазақстанның Омандағы Елшісі Ержан Мұқаш Оман Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Саид Киюмимен кездесті.
Әлемде21 Тамыз , 09:01

Кездесу барысында Қазақстан-Оман екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен болашақ дамуы талқыланды. Атап айтқанда, екі мемлекеттің сауда-өнеркәсіп палаталары арасында жақын қарым-қатынастарды орнатудың қажеттілігі туралы пікір айтылды.

Бұған қоса, кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмеге дайындығы жайында әңгімелеп, оман тарапының бұл маңызды іс-шараға белсенді түрде көрмеге қатысатынына үміт білдірді.

«Өз кезегінде, С. Киюми екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін айта келе, бұндай іс-шаралардың мемлекеттеріміздің арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға оң әсерін тигізетінін атап өтті», - делінген хабарламада.

 




Яндекс.Метрика